Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер 20-қыркүйекте сатылуы мүмкін

«Қайрат» – «Реал» матчына билеттер 20-қыркүйекте сатылуы мүмкін

«Қайрат» – «Реал» матчына билеттердің сатылымы 20-қыркүйекте басталуы мүмкін. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты. «Әзірге нақты мерзім белгіленген жоқ. Бірақ, матчқа он күн қалғанда саудалау жоспарланып отыр», — дейді. Жуырда UEFA Чемпиондар Лигасының техникалық делегациясы Алматыдағы стадионның жай-күйін қарап, кей тұсын жақсарту керек екенін айтқан . Содан кейін «Қайрат» футбол клубы өз есебінен қаржы шығарып, жөндеу жұмыстарын бастаған.

Серік Жарасбаев, Туризм және спорт вице-министрі:

Билеттерді сату құқығы тек қана «Қайрат» клубының өз меншігінде болып жатыр. Себебі ол жекеменшік клуб. Бағасы әлі белгіленген жоқ. Неге десеңіз, әлі нарықтағы бағаны, бұған дейінгі матчтарды ескеріп, 20-на қарай бағасы нақты болады. Алаяқтар өтірік ақпаратты жариялап жүр. Сондықтан тек ресми ақпаратқа, соның ішінде «Қайраттың» ресми сайтына сенуге болады.

Жанел Өтеулі