Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

Henley & Partners компаниясы жыл сайын жариялайтын паспорттар индексінде Қазақстан позициясын жақсартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең “күшті” құжат саналады.

Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:

– Қырғызстан – 71 орын,

– Өзбекстан – 72 орын,

– Тәжікстан – 78 орын,

– Түрікменстан – 84 орын.

Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады

Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.

Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).

Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.