Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшылар Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады. Қос спортшы қарсыластарын жеңіп, 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

80 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қорғады. Ол аталған доданың 1/16 финалында украиналық боксшы Матвей Ражбамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын басымдылығымен өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Оған дейін тағы бір отандық боксшы Махмұд Сабырхан 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Отандасымыз мексикалық Бриан Оуен Ортизбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан қазақстандық спортшының жеңісін тіркеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз