Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазір дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады – Мемлекет басшысы

Жолдау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту мәселесіне тоқталды.

Оның сөзінше, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысты жаңаша тәсілмен жүргізген дұрыс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, ел Президенті алдыда тұрған маңызды мәселелерді атады.

– Бірінші мәселе, елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүниежүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз керек. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймыз. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр. Жалпы, бұл жаман емес. Бізге осындай инвестициялар қажет. Бірақ, қазір алдымызда тұрған міндет басқа. Бұл – өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Сондықтан, Үкімет инвестициялық саясатқа басқа көзқараспен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ, мемлекеттің инвестициясы мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған еді.