Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Хабарламалар

Шымкентте жылыту маусымына дайындық аяқталуда

Шымкентте жылыту маусымына дайындық аяқталуда

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын.

Қалада қазандықтар мен жылу желілері жөнделіп, жабдықтар жаңартылып жатыр. Қазірдің өзінде 27 қазандықтың 24-і, 17 сорғы станциясының 14-і іске қосылған. Дегенмен салада шешілмеген мәселе де бар — бұл қарыз. Халықтың жылуға берешегі 430 млн теңгеден асса, заңды тұлғалар 300 млн теңгеден астам қарыз. Ал жылу таратушы компания — «Куатжылуорталық-3»-тің өзі жылу өндіруші мекемеге 2,7 млрд теңге берешек. Соған қарамастан компания өкілдері қысқа дайындық толық жүріп жатқанын айтады. Жылу трассаларын тексеру кезінде 100-ге жуық ақау анықталған, көпшілігі қалпына келтірілген. Қалғаны қыркүйектің соңына дейін жөнделеді.

Жанұзақ Махамбетов, «Қуатжылуорталық-3» МКК Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директор орынбасары:

– Біз кепілдік хаттамалар беріп жатырмыз. Бізге көрсететін қызмет — газ немесе электроэнергия. Оларға біз кепілдік хатпен береміз. Сондықтан жылыту маусымына еш әсері тимейді. Барлығы жылу маусымына 100 пайызбен кіреміз деп отырмыз.