ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары бар. Олар марқұмдардың денесін тану және басқа қажетті рәсімдер үшін бара жатыр.
“Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады”, — делінген хабарламада.
Қаза тапқандардың ішінде бес әйелдің Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының екені анықталған.
Хабарламада бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді тану рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылғаны айтылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
