Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Банк картасын біреуге бергеніңіз үшін жаза арқалауыңыз мүмкін: жаңа бап күшіне енді

Банк картасын біреуге бергеніңіз үшін жаза арқалауыңыз мүмкін: жаңа бап күшіне енді

Бүгіннен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілік көзделетін жаңа 232-1-бап енгізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дропперлік деген не?

Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ, заңсыз төлем жасау, ақша аудару, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру дропперлік деп саналады.

Бұл әрекет интернет алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі саналады және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады.

Қандай жаза қолданылады?

Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және тапқан пайда мөлшеріне қарай 232-1-бапта айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget