Ресей патриархы екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.
— Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.



