Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келеді

2-4 қазан күндері Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл шараға Telegram арнасының негізін қалаушы Павел Дуров келетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлауынша, 2025 жылғы 2 қазанда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ресми түрде ашылады. Павел Дуров шараның пленарлық отырысына қатысады.

Аталған жаңалықты Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Рауан Жұмебек те хабарлады.

“Telegram негізін қалаушы @durov-пен кездесіп, Digital Bridge аясындағы оның қатысуы алдында пікір алмасқаныма қуаныштымын. Оның идеялары инновациялар мен цифрлық трансформация туралы жаһандық диалогқа құнды үлес қосатынына сенімдімін”, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Салтанатты рәсім аясында жетекші әлемдік сарапшылар мен технология саласының көшбасшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.

Олар:

  • Омар Сұлтан Әл-Олама – БАӘ Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу істері жөніндегі мемлекеттік министрі;
  • Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures негізін қалаушы және бас директоры;
  • Павел Дуров – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы әрі бас директоры;
  • Илья Стребулаев – Стэнфорд университетінің профессоры;
  • Питер Норвиг – Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google компаниясының зерттеу жөніндегі директоры;

Отырыстың модераторы – Solana Foundation президенті Лили Лю.