Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Олимпиадада дәл осы жетістікті қайталауымыз керек” – Ағайынды Сабырхандардың жеке бапкері

Бір күнде бір үйден қос чемпион шығарған Ілияс Оралбеков әлем чемпионатыннан соң алдағы жоспарымен бөлісті.

Ағайынды Сабырхандардың жеке бапкері бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженовке айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қаншама еңбектің арқасында 2 шәкіртім бірдей әлем чемпионы атанып жатыр. Онымен қоса, Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы 4 алтын алды. Бұған да қатты қуандық. Жауапкершілік өте ауыр. Шетелде қазақ елінің намысын қорғайтындықтан, үлкен жауапкершілікті сезінесің. Әрине, екі боксшыны алып жүру оңай емес.

Мақсатымыз – Олимпиада ойындарына қатысу, тура осы жетістікті қайталау. Елімізді әлі де танытуымыз керек, – деді Ілияс Оралбеков.

Бұған дейін ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандардың анасы Меңтай Әсілова да “Ұлдарымның Олимпиада чемпионы болуын тілеймін” деп сұхбат берген еді.