Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға Ла Лига клубтары көз тікті

18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға Ла Лига клубтары көз тікті

Испаниялық сарапшы әрі Marca журналының журналисі Давид Руис “Қайраттың” қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны Ла Лига клубтары бақылап жүргенін айтты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматылық клубтың ойыншысы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турда “Спортингке” қарсы ойында (1:4) пенальтиді қайтарды. Бұл матч жас қақпашының кәсіби деңгейдегі небәрі екінші ойыны болды.

“Скауттар “Қайрат” футболшыларын “Селтикке” дейінгі матчтарда да бақылағанына сенімдімін. Бірақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі – мүлде басқа деңгей. Сондықтан осындай ойынынан кейін Шерханды Еуропаның үздік чемпионаттарында, соның ішінде Ла Лигада да бақылап жүр деп ойлаймын. Ол тамаша дарынды қақпашы әрі небәрі 18 жаста”, – деді ол ASnews.kz-ке берген сұхбатында.

Transfermarkt дерегінше, Қалмұрзаның нарықтағы құны 200 мың еуроға бағаланады.

Бұған дейін Шерхан Қалмұрзаның есімі Чемпиондар лигасындағы ойынынан кейін “әдемі әрі қымбат” блокнотқа жазылып қойылғаны хабарланған. Сондай-ақ “Қайраттың” жас қақпашысы ЧЧ күнінің басты кейіпкері атанған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget