Отандасымыз қазіргі таңда әлемнің үздік жиырма теннисшісінің (№19) қатарына кіреді.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ширек финалына шықты.
Екінші айналымда Бублик аустралиялық Александр Вукичті (ATP-де 93-орын) үш сетте жеңді. Қорытынды есеп — 6:7 (6:8), 6:4, 6:4.
Матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық ойыншы 24 эйс жасап, бес рет қос қате жіберді және 10 брейк-пойнттің екеуін пайдаланды. Қарсыласы 14 эйс жасап, үш рет қос қате жіберді және бірде-бір брейк-пойнт жасай алмады.
Бүгін ширек финалда Бублик Чехиядан келген Далибор Сврчина мен Қытайлық Чжан Чжичжэнь арасындағы матчтың жеңімпазы Сврчинамен кездеседі. Матч Ханчжоудағы орталық кортта Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
