Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Әкімдік Атырау қаласын жайлаған күйік иісінің қайдан шыққанын анықтады

Атырау қаласының тұрғындары қаланы жайлаған күйік иісіне шағымданды. Әкімдік жағымсыз иістің қайдан шығып жатқанын анықтады. ТЖД мамандары өртті сөндіруге кірісті, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен қаладағы күйік иісіне себеп болған өрт ошақтарын анықтау және жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өткен.

“Мониторинг барысында өрттің “Сасықсай” булану алаңының ар жағында, Атырау қаласынан 20 шақырым жердегі теңіз жақ бетте тұтанғаны белгілі болды”, — делінген хабарламада.

Оны ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Айта кетелік, бұған дейін де Атырауды үш күн түтін торлап тұр, қаланы қою қара ыс басқан болатын.

Ол кезде бұл жағдайға Ақжайық табиғи резерватындағы қамыс өрті себеп болған еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз