Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Енді 500 мың теңгеден асатын соманы аудару үшін ақша жіберуші ЖСН енгізуі қажет болуы мүмкін

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары қылмыстық жолмен тапқан ақшаны жылыстату қаупін азайту мақсатында ақша аударымдарына қатысты бірқатар өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

“Басты осал тұс – жіберуші мен алушыны сәйкестендірусіз анонимді транзакция жасау мүмкін болғанында. Бұл көбінесе басқа адамдардың атына тіркелген карталарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады”, — деді Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов.

Оның айтуынша, агенттік реттеушімен бірлесіп тәуекелді барынша азайту үшін практикалық шешімдер кешенін әзірледі:

  • картаны 500 000 теңгеден асатын сомаға толтыру кезінде жіберушінің ЖСН-і қажет болады (бұрын тек алушының ЖСН-і қажет болатын). Мобильді қосымша немесе SMS арқылы транзакцияны растау мүмкіндігі қарастырылуда.
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтардағы бейнежазбаларды кемінде 180 күн бойы сақтауға міндетті, бұл күдікке ілінген транзакцияларға қатысушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
  • биометриялық сәйкестендіруді — бет-әлпет немесе саусақ ізін тану — енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Айта кетейік, Қазақстанда үш айдың ішінде 12 еселенген ең төменгі жалақыдан асатын мобильді аударымдарды тексеру жоспарланып отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз