Қазақстанның дүкен сөрелерінде енді бір тауар ашық түрде екі түрлі бағамен сатылады. Яғни қолма-қол төлем жасайтындарға арналған бағадан бөлек, бөліп төлеу арқылы сатып алғысы келетіндерге баға айырмашылығын сатушылар көрсетуге тиіс, деп хабарлайды “КТК” арнасы.
Артық төленетін сома арнайы баға белгілерінде айқын көрсетілуі қажет. Бұл сауда министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілді. Құжат 11 қазаннан бастап нақты күшіне енеді.
Бұған дейін елімізде тауарға қос баға көрсетуге тыйым болған. Бұл саудагерге ыңғайлы. Бөліп төлесең де, қолма қол алсаң да, бір баға деп ойлайтын тұтынушы, шын мәнінде, бөліп төлеудің әлдеқайда қымбаттырақ екенін білмеуі мүмкін. Сауда министрлігінің бұйрығы осының жолын кесуге бағытталған.
Айта кетейік, бұл өзгерістер тек бөліп төлеуге қатысты. Ал қолма-қол ақшамен немесе банк картасы арқылы төлеу кезінде қос баға қойылмайды.
Дереккөз: “КТК” арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
