Жұмыс тобына мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жетекшілік етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Өкім мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын», – делінген өкімде.
