Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бүгін таңертен серуендеу үшін тауға көтеріліп, адасып кеткен.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, үш туристі іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданған.
– ТЖМ іздестіру тобы туристерді Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламада.
