Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Ішкі істер министрлігі елде ішімдік сатуға қатысты бірқатар тыйымды ұсынды. Үкімет сағатында ведомство басшысы Ержан Саденов осындай мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, алкоголь — елдегі криминоген жағдайға әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шенеуніктің айтуынша, жыл сайын мас күйде 10 мыңға дейін қылмыс жасалады.

ІІМ ішімдікті интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Одан бөлек:

  • ішімдікті тек арнайы дүкендерде сату (“алкомаркеттерде”);
  • лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу ұсынылды.

ІІМ басшысы ойын-сауық орындарына арналған шектеу туралы да айтты:

“Ойын-сауық орындарында ішімдік сату уақытын шектеу қажеттілігі туындады. Мұндай нысандарда мас күйде 1 400-ден аса қылмыс жасалған, оның ішінде үшеуі — кісі өлтіру”.

Алайда, Ержан Саденовтың айтуынша, кейбір мемлекеттік органдар бүгінде бұл тәсілдерді қолдамайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget