Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Көлсайда суға түскен Павел Дуров қандай жаза арқалауы мүмкін?

Көлсай ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады.

Бұл туралы Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ІІМ-де өткен Үкімет сағатының кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Спикер Көлсай ерекше қорғалатын табиғи аумақ екенін, бұл мәселе Экология министрлігінің құзыретіне кіретінін еске салды.

“Біз тиісті материалды тіркедік және оны жібердік. Қазір олар бұл мәселені қарастырып жатыр”, – деді Алексей Милюк.

Оның сөзінше, әртүрлі жауапкершілік көзделген.

“Бұл істі қалай сараптайтынына байланысты. Қателеспесем, ескерту түрінде болса 10 АЕК. Құқықбұзушылықтың құрамына байланысты”, – деп түсіндірді Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Көлсайда суға түскен Дуров айыппұл төлемейінін жазған едік.