Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Грузияда митинг өткізу ережесін бұзғандарға жаза күшейтіледі

Грузияда митинг өткізу ережесін бұзғандарға жаза күшейтіледі

Грузия билігі бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғандар үшін жазаны қатайтпақ. Бұл туралы елдің билеуші партиясының жетекшісі Ираклий Кирцхалия мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты .

Билік рұқсат бермеген митингке қатысқандар 60 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Ал қайталанған жағдайда мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Кирцхалияның сөзінше, бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және заңсыз митингтердің алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.

Айта кетейік, соңғы айларда Грузияда оппозициялық күштердің қатысуымен бірнеше рет жаппай наразылық акциялары өткен болатын.