Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Газа секторының аяққа тұруына ондаған жыл қажет – БҰҰ

Алдағы үш жылда қалпына келтіру жұмыстарына 20 млрд доллар жұмсалмақ.

Газа секторын қалпына келтіру жұмыстары ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасы аясында Палестина аумақтарына көмек көрсету әкімшісінің арнайы өкілі Яко Силлиерс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, анклавтан 55 миллион тоннадан астам құрылыс қалдығын шығару қажет.

“БҰҰ, Еуроодақ және Дүниежүзілік банк бірлесіп жүргізген бағалау нәтижесіне сәйкес, Газаны толық қалпына келтіруге шамамен 70 миллиард доллар қажет”, – деді Яко Силлиерс.

Ол барлық аймақтар қалпына келтірілмеуі мүмкін екенін де жоққа шығармады. Алдағы үш жылда қалпына келтіру жұмыстарына 20 миллиард доллар жұмсау жоспарланып отыр.

Яко Силлиерс Газа секторындағы қалпына келтіру жұмыстары нақты қанша уақыт алатынын айтпады. Оның сөзінше, бұл жұмыс қаржыландыру көлеміне тікелей байланысты әрі ондаған жылдарды алуы мүмкін.

Айта кету керек, бұған дейін Газаға қатысты бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталғанын жазғанбыз. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты.