Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚФФ Диастың мезгілсіз қазасына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына және командасына көңіл айтты.
“Жастығына қарамастан, Диас футболға деген ерекше ынтасы мен таланты арқылы көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі – қазақ футболы үшін орны толмас ауыр қаза. Бұл қиын сәтте біз оның жақындарының қайғысына ортақпыз”, – делінген ресми хабарламада.
