Алматыда биыл тамызда із-түссіз жоғалған әйел аман табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1992 жылы дүниеге келген Поволоцкая Людмила Валерьевна 11 тамызда жоғалған. Сол күні таңертең шамамен 10:00-де Алмалы ауданы, Айтеке би көшесі, 194 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Сырт белгілері: бойы 150–153 см, арық денелі, шашы ашық түсті, маңдайының оң жағында тыртық бар.
Киімі: қара туника, қою түсті леггинс, қызғылт резеңке тәпішке.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Волонтёры Алматы “LIDER.KZ” (@volontery_almaty_lider.kz)
Әйел 17 қазанда табылды. Еріктілердің айтуынша, ол осы уақыт бойы қаланың басқа ауданында тұрып келген. Өзге мәліметтер нақтыланбады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

