Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақтың дәстүрлі музыкасын терең зерттеген ұлт жанашыры Әлия Сабырова дүниеден өтті

Белгілі музыкатанушы Әлия Сабырова дүниеден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

“ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі музыкатанушы, өнертану кандидаты, қазақтың дәстүрлі музыкасын терең зерттеген ұлт руханиятының жанашыры, ұлағатты ұстаз Әлия Сұлтанмұратқызы Сабырованың дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады”, — делінген хабарламада.

Әлия Сұлтанмұратқызы саналы ғұмырын қазақ музыкасының ғылыми негіздерін зерделеуге, түркі әлемінің ортақ рухани тамырын, ұлттық мұраны заманауи ғылым биігіне көтеруге арнаған.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып “Әлем халықтарының музыкасы” атты авторлық курсты енгізіп, музыкалық білім беру саласына тың серпін берген.

Оның зерттеулері Абай мен Шәкәрім мұрасының музыкалық-философиялық мәнін ашуға зор үлес қосты. Ғалымның жетекшілігімен ондаған магистрлік және докторлық диссертациялар қорғалды.

Ғылыми қызметінен бөлек, Әлия Сабырова ұстаз ретінде де ұлағатты жолда қажырлы қызмет етіп, көптеген шәкірт тәрбиелеген. Өз ісіне адалдығы мен бастамашылдығы, жаңашыл көзқарасы арқылы замандастары арасында зор құрметке бөленді.

“Әлия Сұлтанмұратқызының жарқын бейнесі, өнер мен ғылымға сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жадында мәңгі сақталады деп сенеміз”, — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз