Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айдана Құмартаева жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.
Жартылай финалда Айдана түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездесіп, бұл кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Құмартаева әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
