Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттер басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.



