Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Трендтер

Бектенов әкімдерге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Бектенов әкімдерге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр негізгі капиталға инвестиция тарту жөніндегі жылдық жоспар 52,7%-ға орындалғанын, ал тікелей шетелдік инвестициялар бойынша бұл жартысынан аз екенін атап өтті.

Олжас Бектенов қарқынның бәсеңдеуі көбіне мемлекеттік органдар тарапынан жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін кешіктіру, басы артық бюрократиялық рәсімдер түріндегі кемшіліктермен байланысты екенін баса айтты.

Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар жөніндегі жоспардың орындалуы 42,8%-ға жеткен. Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталып отыр, НКИ бойынша көрсеткіш 61,5% болып отыр. Өңірге орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды.

Абай облысында НКИ бойынша көрсеткіш — 70,4%, ТШИ бойынша көрсеткіш — 26,2%. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кемшіліктерге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар жобаны жүзеге асыруда мәселелер туындап отыр.

“Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуға тиіс. Бұл — ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын”, — деді Олжас Бектенов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget