Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Дзюдошы Айша Алтай жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір спортшымыз үздік нәтиже көрсетті.

Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Айша Алтай жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айша Алтай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсылас шақ келтірмеді.

Ақтық белдесуде спортшымыз өзбекстандық Шохиста Тураеваны айқын басымдықпен жеңді.