Қазақстанның фармацевтикалық нарығында бірқатар дәрілік заттың бағасы төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді. Рецептіден тыс босатылатын тағы 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды және оларға өкілетті орган тұрақты мониторинг жүргізіп, нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.
2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг өткізді.
Зерттеуге бес фармакологиялық топқа: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қантамырлық және асқазан-ішек жолының ауруларын емдеуге арналған препараттарға жататын ең көп сұранысқа ие болған 50 препарат қосылды.
Биылғы қыркүйектегі талдау қорытындылары бойынша, маусыммен салыстырғанда, позициялардың 34 пайызы (орта есеппен, 7,8 пайыз), ал қазанда позициялардың 50 пайызының (орта есеппен, 11,1 пайыз) бағалары төмендетілгені байқалады.
Әсіресе Гепар комп. Хеель, Ревмоксикам®, Цефяпс, ВАЛМАК-Н, Зитмак® дәрілік препараттарының бағасы айқын төмендеген.
Ведомство мәліметінше, бұл дәрілік заттар емдеуде кеңінен, көптеген дертті емдеу кезінде қолданылады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік препараттардың бағасына жүйелі мониторинг өткізуді жалғастыратынын мәлім етті.
Дәрілік заттарды өткізу кезінде заңбұзушылық жағдайлары туралы DariKZ және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлауға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
