Спорт журналисі Аслан Қаженов World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер Геннадий Головкин жан-жақты қолдауға шақырды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында World Boxing ұйымының жаңа президент сайлауында үміткерлер қатарынан көрінген Геннадий Головкинді қолдауға шақырды.
«Генаға қолдау танытайық!
Достар, кезекті рет ауызбіршілік танытып, бокстың дамуына үлес қосатын сәт келді. 23-қараша күні World Boxing ұйымының жаңа президенті сайланады. Үміткерлер арасында өзіміздің даңқты боксшымыз Геннадиий Головкин бар. Осы тұрғыда қазірден оны жан-жақты қолдауға шақырамын. Біздің қолдан келетіні @officialworldboxing және @olympics парақшаларына кіріп, соңғы посттарына GGG деген жазуды және еліміздің көк туын
