Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Түркияда Нетаньяхуды қамауға алуға ордер берілді

Түркия қалаларының бірінде Нетаньяхуды қамауға алуға ордер берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Cтамбұлдың Бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды және тағы 36 израильдік жоғары лауазымды шенеунікті қамауға алуға ордер берді.

Олар Газа секторының тұрғындарына қарсы жаппай қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Іс материалдары куәгерлердің айғақтарын, фотобейне деректерді, сондай-ақ азаматтық нысандар мен ауруханаларға жасалған соққылар жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

Ал Израиль Сыртқы істер министрлігі болса, бұл әрекетті Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның “пиар-науқаны” деп атады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз