Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қуыршақ театры алғаш рет “Менің атым – Қожа” қойылымын сахналайды

Қуыршақ театры алғаш рет "Менің атым – Қожа" қойылымын сахналайды

Алғашқы қойылым 13 қарашада сағат 14.00-де болады.

Мемлекеттік қуыршақ театры Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған “Менің атым – Қожа” шығармасын тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде сахналап, көрермен назарына премьерасын ұсынады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Қазақ балалар әдебиетінің алтын қорынан ойып орын алған классикалық туынды – ұлт руханиятының мәңгілік құндылықтарын дәріптейтін шығармалардың бірі. Халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған Қожа бейнесі сахна төрінде қуыршақ өнерінің тілімен жаңаша сипат алып, кішкентай көрерменнің жүрегіне жол тартпақ.

“Біз үшін Бердібек Соқпақбаевтың шығармасын қуыршақ театры сахнасына шығару – үлкен жауапкершілік. Бұл туынды әр буынның жүрегіне жол тапқан. Енді сол рухани мұраны қуыршақ өнері арқылы жаңғыртып, жас көрерменге жеткізу – біздің басты мақсатымыз”, – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МЕМЛЕКЕТТІК ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ