Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Белгілі журналист Президент ТРК директорының кеңесшісі болып тағайындалды

Белгілі журналист Ерболат Мұхамеджан Қазақстан Президенті Телерадиокешені директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Президент ТРК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kazinform хабарлайды.

Агенттіктің жазуынша, Ерболат Мұхамеджан – мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері, белгілі тележурналист және продюсер.

Әр жылдары республикалық телеарналарда қызмет етіп, аналитикалық бағдарламалардың авторы болған. Медиа саласында оқу жобаларын жүзеге асырған.

Сондай-ақ білім беру және мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі бар: Maqsut Narikbayev University-де басшылық қызметтер атқарған, Білім және ғылым министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.

Сонымен қатар Гонконг пен Лондондағы Bloomberg TV арнасында кәсіби тағылымдамадан өткен, Еуропалық Одақтың Брюссельдегі бағдарламаларына және Оңтүстік Кореяда World Journalists Forum-ға қатысқан.

Қазіргі таңда медиа жобаларды жасақтаумен және жүзеге асырумен айналысады, сонымен қатар “Уәде” тележобасының авторы.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз