Биылғы 10 айда елде Жалпы ішкі өнім өсімі 6,4%-ды құрады. Ұлттық статистика бюросының дерегін жіктеп айтсақ, тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету саласы 5,3%-ға артқан.
Экономикалық өсімге өнеркәсіп, сауда, көлік салалары айтарлықтай үлес қосты. Қаңтар-қазан айларының аралығында өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8%-ға жеткен. Бұл өз кезегінде өңделген өнім шығару көлемі артқанын білдіреді. Елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ды құрады. Бұл да былтырға қарағанда жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 5,4%, сауда-саттықта 9%, көлік саласында 20,7% өсім тіркелді.
2025 ж. қаңтар-қазан
ЖІӨ өсімі — 6,4%
Тауар өндірісі — 8,2%
Қызмет көрсету — 5,3%
Өңдеу өнеркәсібі — 5,8%
Құрылыс — 15,1%
Ауыл шаруашылығы — 5,4%
Сауда — 9%
Көлік — 20,7%



