Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Zakon .kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшқанын хабарлағанбыз.