Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтөбе-Астрахань жолының бойында мал өлімі жиіледі

Құрманғазы және Исатай ауданы тұрғындары Ақтөбе-Астрахань бағытындағы жолдың бойында мал өлімі жиі кездесетініне алаңдайды.

Көпшілік жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында қоршауларды сапалы материалдан қайта орнатуды сұрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апаттардың жиі болуына жол жиегіндегі сапасыз қоршаулар себеп.

“Мал торды жарып өтіп, жолға шығып кетеді. Кейін кірген жерін таба алмай, жол үстінде қалып қояды. Бұл жағдай әсіресе түн мезгілінде үлкен қауіп тудырады. Мына қоршаудың пайдасынан зияны көп. Тор өте әлсіз жасалған”, – дейді жергілікті тұрғындар.

Соңғы күндері бір тәулікте 3 жылқыны, келесі күні тағы 3 жылқыны көлік қаққан. Тұрғындар тарапынан жергілікті билік пен жолды күтіп ұстаушы мекемелерге мәселені назарға алып, тиісті шара қабылдаса деп өтініш жазылды.