Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Павлодарда полиция такси жүргізушілерін тескеріп жатыр

Павлодарда такси жүргізушілерін жаппай тексеру шарасы жүріп жатыр. Полицейлер алғашқы екі жол қозғалысы ережесін бұзудың 282 дерегін тіркеген, деп жазады өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павлодар полицейлері “Тасымалдаушы” жедел алдын-алу шарасын өткізіп жатыр. Алкашқы екі тәулікте инспекторлар жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша 282 деректі анықтаған.

“58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзса, тағы 20 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған. Ал 2 такси жүргізушісі салонда жолаушылар отырғанына қарамастан ереже бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан”, — делінген ресми хабарламада.

Полицияның ақпаратына сәйкес, “Toyota Alphard»” маркалы автокөліктің жүргізушісі таксиге арналған мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарлама бермеген және тіркелмеген. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол-көлік оқиғасына соқтыруы мүмкін заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз