Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Астана әуежайы cоңғы 10 айда 7,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткен

Сондай-ақ әуежай арқылы шамамен 90 мың транзиттік жолаушы ұшса, пошта мен жүк тасымалы көлемі халықаралық бағыттар есебінен 10%-ға өскен.

Бұл туралы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы жұмыс қорытындысы бойынша 10 ай ішінде 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп. Өсу үрдісі ішкі және халықаралық бағыттарда да байқалады”, – делінген хабарламада.

Жыл бойы әуе компаниялары Қазақстан ішінде және шет елдерге маршруттық бағыттарды кеңейтіп, рейстер жиілігін арттырған.