Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Абай облысында 4 баланың өмірі қиылған жол-көлік оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды

Абай облысының Үржар ауданында 4 баланың қазасына әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық істі Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Сот процессі ашық түрде өтеді.

“Қазір материал алдын ала тыңдау сатысында. Негізгі сот отырыстарының уақыты әлі белгіленген жоқ. Судья процеске қатысты тек үкім жарияланғаннан кейін ғана пікір білдіре алады. Бұл сот ісін жүргізудің талаптарына сәйкес”, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі агенттік тілшісіне.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 19 тамызда болды.

Кейінірек облыстық әкімдік жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға қатысты жаңа деректерді жариялады. Әкімдіктің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш баланың өмірі қиылды. Жол апатынан кейін комаға түскен қыз бала қазанның басында көз жұмды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз