Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Хабарламалар

“Үйде қонақтар болған”: Түркістан облысында қаза болған он екі адам туралы тың дерек шықты

"Үйде қонақтар болған": Түркістан облысында қаза болған он екі адам туралы тың дерек шықты

Қайғылы жағдай Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған.

Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Түркістан облысы ТЖД-нің 101 пультіне екі қабатты жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үй толығымен отқа оранған еді. Тілсіз жаумен күрес барысында құтқарушылар үйден ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сондай-ақ үй ішінен 12 адамның мәйіті табылған.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған: алдыңғы күні үй иелерінде іс-шара өтіп, көптеген адам түнеп қалған. Өрттің ауқымы үлкен болды – шамамен 360 шаршы метрді шарпыған, алайда қазір толық сөндірілді.

Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмысын жалғастыруда.

Президент Тоқаев көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды.