Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Алматы – Петропавл” бағытындағы “Тальго” пойызының кестесі өзгереді

“Алматы – Петропавл” бағытындағы тальго №105/106 пойызының қозғалыс кестесі жаңартылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теміржолы компаниясына сілтеме жасап.

15 желтоқсаннан бастап аталған бағыт бойынша пойыз күнара қатынайды. Бұған дейін пойыз төрт күнде бір рет жүретін.

Жиіліктің артуы оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді.

“Бағытта заманауи Talgo вагондары пайдаланылады. Олар сапардың қауіпсіздігін және жол үстіндегі жайлылықты толық қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, билет құнына 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Бір сапарда “Тальго” пойызымен 600-ден астам жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар”, — дейді ҚТЖ өкілдері.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалу қажет.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз