Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

8 ай бұрын жоғалған маңғыстаулық тұрғынды табуға көмектескендерге ақшалай сыйақы беріледі

34 жастағы Ерлан Есмағамбетов наурыз айында жұмыстан шығып үйіне оралмаған.

Ол 17 наурызда Кендірлі демалыс аймағы маңындағы жұмыс орнынан бейтаныс адамның көлігіне отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Әріптесі үлкендеу адам. Ол “Ерланның іші ауырды, сосын мен қорыққаннан жолға шығып, жолшыбай машинаға мінгізіп жібердім” деп отыр. Ол көлік жүргізушімен бізді полиция кездестірді. Ол растады. Бірақ, жолаушы 10-15 минуттан кейін өзі түсіп қалды деп отыр. Балам ұялы телефонын жұмысында қалдырып кеткен, – дейді анасы Гүлмира Есмағамбетова.

Арада 3 ай өткен соң Ерланның күртешесі даладан табылған. Туыстары оны біреулер құлдықта ұстап отыр ма деп күдіктенеді.

Осы оқиға бойынша облыстық полиция депаратаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Адам жоғалу дерегі бойынша Қарақия аудандық полициясына туыстарынан арыз түскен сәттен бастап қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Жедел іздестіру шаралары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Ерлан Есмағамбетов іздестіру есебіне қойылып, бүкіл ел бойынша полиция бөлімдеріне бағыттама жолданып, ақпарат берілді, – делінген хабарламада.

Ерлан Есмағамбетов отбасылы, 3 баласы бар. Туыстары оны тауып берген адамға 2 миллион теңге сыйақы беретінін жариялады.