Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстанның семсерлесушілері Ислам ойындарында топ жарды

Ислам Ынтымақтастығы ойындарында семсерлесуден алтын жүлде түсті.

Сапы жаттығуынан Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз жарыс барысын бір деммен өткеріп, барлық қарсыластарын сенімді жеңді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдымен жерлестеріміз Қырғызстанды 45:34 есебімен ұтса, жартылай финалда Оманға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 45:26. Финалда да отандастарымыз Сауд Арабиясын 45:29 есебімен жеңді.

Айта кетейік, сапы жаттығуынан ерлер құрамасы биылғы әлем чемпионатында өз тарихында алғаш рет қола медальді иеленген еді.