Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Түркістанда мұнай базасында өрт шықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Саттарханов көшесінде орналасқан нысанда басталған.

От жылдам тарап, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік өкілдері құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілгенін хабарлады.

Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын тексеруге кірісті.