Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаев Головкинді World Boxing президенті болып сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан президентінің құттықтауын Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды”, — делінген Тоқаевтың құттықтауда.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып тағайындалды. Қазақстандық бокс жұлдызы Римде өткен Конгреске қатысып, басшылық қызметі кезінде ұстанатын төрт бағытты атады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз