Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үздік үштігіне кірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Данияда өткен “Копенгагенге” қарсы матчте футболшы Еуропаның басты клуб жарысында алғашқы голын соқты.
Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар:
- Ансу Фати (“Барселона”) — 17 жас 40 күн
- Ламин Ямаль (“Барселона”) — 17 жас 68 күн
- Дастан Сәтпаев (“Қайрат”) — 17 жас 110 күн
Ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!



