Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Актуалды

Көмілген қала табылды

Көмілген қала табылды

Ғылыми экспедициялардың арқа­сында тарих қойнауындағы талай құпия қайта жаңғырып жатыр. Мәселен, жақында Шве­ция­да археологтер елдің оңтүстік-батысынан, нақтырақ айтсақ қазіргі Гётеборг қаласының маңы­нан 625 жылдық тарихы бар көне қаланы тапты.

Зерттеушілер бұл орынның тарихи атауы Нья-Лёдёсе екенін анықтаған. Ғалымдардың айтуынша, қаланың негізі IV ғасырдың соңында қаланған. Қазба барысында мамандар ежелгі тұрғын үйлердің орнын, керамикалық бұйымдарды, әйнек қалдықтарын, тиындарды тапты. Бұл заттар сол дәуірдегі сауда-саттықтың дамы­ғанын, халықтың тұрмысы жоғары бол­ғанын көрсетеді.