Алматыда сейсмологтар жерасты дүмпуі қайталану ықтималдығына болжам жасап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
“Жерасты дүмпуі қайталануына қатысты сұрақтар бойынша ғылыми сейсмологиялық комиссия зерттеу жұмыстары нәтижесіне сүйеніп, болжам қорытындысын жариялайды”, — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етіліп, мониторинг жүргізіліп жатыр.
Алматы ТЖД мәліметінше, 112 желісіне ақпарат түспеген.
Еске салайық, бүгін Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!



