Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы жаңа үлгідегі отандық плацкарт вагондарын көрсетті (фото)

“Жолаушылар тасымалы” АҚ ел ішінде пайдалануға берілетін жаңа үлгідегі отандық плацкарт вагондарын көрсетті, деп хабарлайды ұлттық тасымалдаушыға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның мәліметінше, заманауи Stadler вагондары Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін, ұзақ бағыттардың жүктемесін және халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған.

Плацкарт вагондары 58 жолаушыға арналған. Жаңа жобалау шешімдерінің арқасында вагонның ішкі кеңістігі тиімді ұйымдастырылған.

Вагондардың кіреберіс бөлігінде жүк қоюға арналған сөрелер, төменгі орындардың астында екі багажды қоюға арналған арнайы орын, сондай-ақ жоғарғы орындарға шығуға арналған жаңа үлгідегі баспалдақ бар. Үшінші сөре жүк қоюға арналған.

Әр орын жеке шаммен, 220V розеткасымен, USB және USB-C порттарымен жабдықталған. Ортадағы үстел 200 кг-ға дейінгі салмақты көтере алады.

Ал жолсерікке бөлек демалыс аймағы, шағын асүй және басқару бөлімі қарастырылған.

Алғашқы отандық Stadler вагондары 2026 жылдан бастап келесі бағыттарда жүреді:

№ 3/4 “Астана – Алматы”;

№ 353/354 “Астана – Семей”;

№ 85/86 “Астана – Шымкент”;

№ 47/48 “Астана – Атырау”;

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз