Ақтөбе облысындағы тасжолда салонында Өзбекстанның 49 азаматы болған автобус аударылып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты кеше, 7 желтоқсанда таңғы 8:40 шамасында “Самара-Шымкент” республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылып қалған.
Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолғы шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.
Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмған, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
